«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана өмір – ана бақ

02.03.2018

                                                      

Эссе.

                                          Ана өмір – ана бақ

       «Ана» - әрбір адамның жарық  дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,

қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Кез келген

адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін

беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең

жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы

алақаны, жан жылумен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Баласы үшін кез келген ана

кез келген құрбандыққа барады. Кез келген баланың тәрбиесі анасының сөздерінен,жүріс-тұрысынан

бастау алады. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш пен

жігерін сарқа жұмсайды, түн ұйқысын мың бөледі, бұдан оның жаны байи, нәрлене

түседі.

         Менің өз анама деген махаббатым

шексіз. Мен үшін анамның мейірімі мен жылы құшағы өмірімнің ең асыл қазынасы.

Менің анам – үйдің  берекесі, шаруаның

несібесі. Кез келген ананың баласына қараған сәтінде көзінен нұр төгіліп,

жан-жағына шуағын шашады. Осы шуақпен жылынып, асыл анамның құшағында мейір

алып жүрген мен – алтын анамды мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтемін. Анам

менің үлкен, шағын жетістіктерге ие болған сәтімде шын жүрекпен қуанады.

Пайғамбарымыз айтқандай «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды

өтей алмайсың», сондықтан да мен анамды бақытты және анамның мақтанышы болу

үшін, қолымнан келгеннің барлығын істеуге тырысып бағамын.

        Адам баласы үшін ананың орны ерекше. Ананы

аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі

де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды

қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті

жас нәресте қызға да құрмет көрсетіп, оларға қолдан келгенше қамқорлық жасау

қажет. Алдымызда халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамы жақындап келеді. Ақ

жаулықты аналарымызды, әпке-қарындастарымызды 

сол күні ғана еске алмай, алланың бізге берген әр күнінде жылы лебіз

танытып,сыйластықпен қарау қажет.

           Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы

рухани күш пен ерен еңбек. Сондықтан да аналарымыздың осы еңбегін зая кетірмей,

жақсы істерге жұмсау қажет.       

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Березняковка орта мектебінің 

10-сынып оқушысы

 Молдашев Асылхан

Бауыржанұлы           

Просмотров: 252

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст