«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есептер

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Березняковка орта  мектебінің

2018-2019оқу жылының І- жартыжылдығы бойынша

 оқу- тәрбие жұмысына

сараптама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Березняковка орта мектебінде оқу- тәрбие жұмысы оқу жылының басында құрылып,бекітілген оқу- тәрбие жұмысына сәйкес орындалды.

2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдыңғында 30 мұғалім сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында жұмыс жасады. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылды.

1,2,3,5,6,7,8,-сынып оқушылары жаңа бағдарлама негізінде білім алуда.

Осы сыныпқа сабақ беретін  бастауыш сыныптың 4 мұғалімі және жоғары сыныпқа сабақ беретін химия,инфрматика,қазақ тілі, дене шынықтыру, орыс тілі мұғалімдері арнайы курстардан өтіп,  жұмыстарын жасап жатыр.

Мұғалімдердің сапалық құрамы жайлы мәлімет.

р/с

Мұғалімдердің білімі

Біліктілігі

Жоғары білімді

Арнаулы

 орта

Аяқталмаған

 жоғары

Жоғары

І

ІІ

Түрлі разрядтағылар

1

23

5

0

7

9

4

9

 

 

 Мұғалімдерді аттестациялау

Педагогикалық кадрлардың аттестациясы Білім және ғылым министрлігінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау Ережелері» № 16 бұйрығына сәйкес өткізілуде. Аттесттацияға дайындық барысында мұғалімдердің шығармашылық есептері әдістемелік бірлестік отырыстарында шыңдалды.

Мұғалімдерді аттестациялау олардың қызметінің шығармашылық деңгейінің білім берудегі сапалығының көрсеткіші болып табылады. 2018-2019 оқу жылында, І санатқа, педагог-экспертке  4 мұғалім, педагог-модераторға 1 мұғалім тестілеуге өтініш берді. Тестен 3 мұғалім сәтті өтіп, 2 мұғалім педагог-эксперт,1 мұғалім педагог-модератор санаттарын алды. Май айында тапсыратын теске де 8 мұғалім өз санаттарын растау және жаңадан алу мақсатында өтініш жазды.Мұғалімдердің жұмыс папкасы мен арызы қабылданды. Кадрлармен жұмыс жасау мәселесі әкімшіліктің бақылауында. Әкімшілік өз қызметі барысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста. Ұжымдағы моральдік – психологиялық жағдай қанағаттанарлық.

        Мектебімізде  78 оқушы,  (1-4 сыныптарда 39 , 5-9 сыныптарда 33, 10-11 сыныптарда 6 оқушы, ) екі ауысымда білім алды. 13 сынып компелектісі болды.

 

 

 

 

Оқушылар саны- 1-11-сыныптар

үздіктер

жақсы

Білім сапасы

1 тоқсан

78

8

30

55,8

2 –тоқсан

78

5

34

    57,35

2-тоқсанда білім сапасы 1- тоқсанға қарағанда 7,4% төмендесе,

Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында тамыз кеңесінде есеп жүргізіліп, жастары бойынша балалар тізімі алынды. 1-2-тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген –кеткен оқушылар есепке тіркелді. Оқушылардың жеке іс қағаздары жүргізіліп, мақтау қағаздары, табельдері тіркеліп отырылды.

      Мектептің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу – тәрбие жоспарында көрсетілген жұмыстар орындалды.  1,2-тоқсанда білім сапасы мониторингі жасалып, талдау - сараптау жүргізілді, нәтижесі директордың жанындағы және  педагогикалық кеңестерде талқылау арқылы іске асырылды.

ОЖСБ бойынша 11,9,4-сыныптардан да ай сайын тест жұмыстары алынып,сараптама жасалынуда.

1 жартыжылдықта қазақ тілі, орыс тілі,ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, математика, география, физика, биология химия, жаратылыстану пәндері бойынша алғашқы қысқа бақылау жұмыстары алынды. Барлық сыныптар ішінде және барлық пәндерден ең төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар болды. Білім сапасы -0 пайыз бен 33,3 пайызды құрады. Бұл сұрақ директор жанындағы кеңесте қаралып, талқыланды, мониторинг жасалып, төмен нәтиже көрсеткен сыныптар мен және пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізілді. Әкімшілік тарапынан сабақтарға жиі қатысып,білім сапасын көтері мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылды.

Оқу-әдістемелік жұмыс

 Мектеп ұжымы «Білім мазмұнының жаңаруына байланысты, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыта отырып, шығармашылыққа жол ашу.»  тақырыбы бойынша жұмыс атқаруды.

 Алға қойылған мақсат: «Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасау және оқыту сапасын арттыру».

                  Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру шаралары

1. Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту (бірлестік жетекшілері)

2. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жұмыс жоспарларын бекіту;

3. Мұғалімдердің  өз білімін  жетілдіру жоспарларын бекіту;

4. Жас ұстаздармен жұмыс;

5. Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу  графигін жасау;

6. Аттестацияланатын мұғалімдер тізімін нақтылау, жыл бойына атқарылатын іс – шаралар жоспарын жасақтау;

Әдістемелік кеңестің құрамы

Кеңес төрайымы: Байшураева Сана Энбековна –  мектеп директорының ОТ жөніндегі  орынбасары

Мүшелері:

 

 

Аты -жөні

бағыты

санаты

еңбек өтілі

1

Сатубаева Айгерім Өмірханқызы

гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі

2

9

2

 Әбілдаева Жайдаргүл Әбдірашқызы

Бастауыш сынып әдістеме

жетекшісі

Жоғары

22

3

Хайдарова Ляйля Жеңісовна

 Жаратылыстану-математика

 әдістеме бірлестігінің жетекшісі

1

8

4

Тологон Зоя

Сынып жетекші ӘБ жетекшісі

2

17

 

Мектепішілік бақылау бойынша

1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері

р/с

Бақылау нысаны

Норма

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

Айына  2-3 сабақ (мектеп директорлары үшін)

2

Сынып журналдарын тексеру

Тоқсанына 1 рет

3

Білім алушылардың күнделіктерін тексеру

Тоқсанына 1 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Білім алушылардың жеке істерін тексеру

Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 2 рет

1,2-тоқсанда әр күн сайын «күнделік KZ» тексерілді.Жүйелі жұмыс нәтижесінде электронды журнал толтыру бойынша мектебіміз жоғары сатыға көтерілді.

Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы  арқылы жүзеге асырылды. Бақылаудың формасын таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін сағат санына, оқу кезеңіне, жоспарланған оқу нәтижесіне, білім алушылардың  жас және жеке ерекшелігіне байланысты іске асты.

1-жартыжылдықта білім министірі бекіткен әдістемелік нұсқау хатқа сай ар аптада 3-4 реттен пән мұғалімдерінің сабақтарына қатыстым.

Қатысудағы мақсат әр түрлі болды. Бір сыныптардың ББД тексеру қажет болса, бір сыныптарда мұғалімнің сабақ беру шеберлігі немесе оқушылармен қарым қатынасы т.б. мақсаттар бойынша жүзеге асты.

Сабаққа қатысудағы сәтті тұстары мен сәтсіз тұстары да болды.

Кейбір мұғалімдерде сабақ басы тамаша басталса,соңы сәтсіз аяқталған кездер болды. Немесе керісінше жағдайлар болды.

Жалпы барлық сабақтарды мұғалімдердегі кеткен кемшіліктер: Психологиялық ахауалдың жоқтығы,ресурстардың аздығы, мұғалімнің  өзінің көп сөйлеуі,ашық сұрақтардың қойылмауы яғни оқушыларға тереңінен ойланатын сұрақтардың қойылмауы, жаңа технология стартегияларының болмауы, сабақ жоспары мен сол күнгі сабақтың сай келмеуі, жаңа бағдарлама бойынша оқитын сыныптарда сабақтың жаңа тадапқа сай жүргізілмеуі, тілдік мақсаттардың дұрыс қолданылуы яғни сөзді бұрыс айтқан оқушының қателігін дұрыстамау / кәтителінді, жазыватр тб/, дарынды,жақсы, нашар оқитын оқушыларға берілетін тарсырмалардың оқушы біліміне сай жасалмауы, белсенді оқыту әдістерінң аздығы,  сабақ құрылысының талапқа сай болмауы сияқты сәтсіздіктер, кемшіліктер орын алды.

Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілді.

Бастауыш сынып бірлестігінің жұмысына сараптама

    Биылғы 2018-2019 оқу жылында Березняковка орта мектебінің бастауыш әдістеме бірлестігінде – 5 мұғалім.

Барлығы- 1-4 сынып 39оқушы,

Оқу озаты -4 –еу. Оқу екпінділері-12 оқушы Оқу үлгерімі 100% Сапалық көрсеткіші-42%

Бастауыш әдістеме-бірлестігінің мұғалімдері өз жұмысын жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарды жоспарлаудан бастады.Әдістеме -бірлестігінің бірінші отырысында мұғалімдердің күнтізбелік  жоспарлары және әдістеме-бірлестік жұмысының жаңа оқу жылының жоспары бекітілді.   Бастауыш сынып мұғалімдері бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес күнделікті сабақ жоспарын үнемі жазады. Бастауыш сынып бірлестігінде  Ітоқсанда жоспарланған жұмыстар өз уақытында орындалды.Мектепішілік «Тілдер мерекесіне»  қатысып 1-4 сынып оқушылары ата аналарымен  белсене қатысып өздерінің әндерін көрермендерге жеткізе білді.Сынып -1-4 Сыныптар аралығында 3 сынып оқушысы Кәрімжан Тамирис пен анасы Айжан Айтбаевна 1 орынды жеңіп алса, 2орынды 2 сынып оқушысы Ахмеджанова Аружан атасымен алды. Жетекшілері.І тоқсанда  математика мен қазақ тіліден кіріспе қысқа бақылаулар алынып мынадай көрсеткіштер көрсетті.Былтырғы оқу жылындағы көрсеткішпен салыстырғанда біршама өсулер байқалады мыс:3 сыныпта 60% болса қазір 70%, 4 сынып75%-87% көтерілгені байқалады

    

сынып

 Мұғалім

 Пән

Өткізу түрі

 

Оқушы

 саны

кіріспе

 

Мектеп әкімшілігі

1.

Абилдаева Ж.А

Математика

Бақылау жұмысы

11

63%

Мектеп әкімшілігі

 

Қазақ тілі

Диктант

11

54%

 

 

Әдебиеттік оқу

Оқу қарқыны

11

75%

 

2

Кендебай Л

Математика

Бақылау жұмысы

10

70

 

 

Қазақ тілі

Диктант жұмысы

10

50%

 

 

 

 

Әдебиеттік оқу

Оқу қарқыны

10

75%

 

3

Нурғазина Ф.Т

математика

Жиынтық бағалау

9

87%

 

Қазақ тілі

Жиынтық бағалау

9

62%

 

Әдебиеттік оқу

Оқу қарқыны

9

77%

 

 

ІІ-ші тоқсанда жоспарланған 4 сынып 10 күндігі өтілмей қалды себебі 4 ші сынып мұғалімі Нурғазина Фариза Турленовна курста болғандықтан мектеп әкімшілігі ІVтоқсанға сәуір айына  қойылды. Сонымен қатар Бастауыш сыныптар олимпиадасы да өтілмей қалды себебі, мұғалімдер курста болды және балалар сабақты белгілі себептермен босатқандықтан. Олимпиада мектеп әкімшілігімен келісе отырып ақпан айында өткізетін болып келісілді.Бастауыш сыныптар апталығы 10.12-15.12 аралығында ойдағыдай өтті кемшіліктерде болды оны сол уақытында айтылып кемшіліктерді жоюға тырысты.   4 сынып және 3 сынып,0 даярлық сыныптары  өз ашық сабақтарын уақытында өткізе алмады,себебі оқушылар  сабақты көп белгілі себептермен босатқан.Ал  өз ашық сабақтарын уақытында жақсы деңгейде өткізілген  0 қазақ сыныбы,1а,1б,2а сыныптары «ТАРЫМ»республикалық білім орталығының ұйымдастыруымен 0-4 сынып оқу   пәндік олимпиадасына 20 оқушылар қатысты және І-ІІдәрежелі дипломдармен марапатталып сынып жеткешілер алғыс хаттарға ие болды.Сонымен қатар «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтан олимпиадасына15оқушы қатысып І-ІІ дәрежелі жеңімпаз дипломдарымен ал мұғалімдері грамоталарымен марапатталды.Ақбота интеллектуалды сайысына бастауыш  3-4 сыныптардан 5 оқушы  қатысып, оның 4 оқушы Олар Әділбек Бекболат,Дюсембай Аружан,Тоғанасова Ақерке,Кәрімжан Томирис  ІІІ орынға ие болды. «ПОНИ» халықаралық сайысына  1 сыныптар аралығында 1-ші сыныптан 6 оқушы қысты әлі нәтижесі келген жоқ.

Қоғамдық- гуманитарлық әдістеме бірлестігінің  жұмысына сараптама.

Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің мәселесі:Әр оқушыны тұлға ретінде дамыту арқылы оның өздігінен ізденіп, өз әркетін ұйымдастыру, біліктілігін қалыптастыру;

Мақсаты: «Жаңаша көзқарасы қалыптасқан,жаңа технологияны меңгерген өзіндік  бағыты,ой-пікірі бар,мақсат қоя білетін және оған жету жолдарын таба алатын,жеке тұлға ретінде қалыптасқан оқушыларды  дайындау».

 Міндеттері.

  •  Мұғалімнің жеке басының білімділігін  кәсіптік шеберлігін арттыруда әдістемелік жұмыстың белсенді түрлерін кеңінен қолдану;
  • Әр мұғалімнің ішкі шығармашыл потенциялын ашуға көмектесу;
  • Мұғалімнің  жаңалыққа  құлшынысын қолдап,оқытудың жаңа технологиясын енгізуде жеткен жетістіктерін бақылап,нәтижесін үлгі етіп тарату,ұжымда  шығармашыл ахуал жасау;
  • Білім сапасын басқаруда мониторингтік жүйені қолдану;
  • Оқушыға берілетін білім дәрежесін,бағдарлама талабын,оқулықтағы берілген тақырып  мәтінінің ғылыми мазмұндылығын,оқушының сол тақырыпты меңгеру мүмкіндігін ескеру.

Бірлестікте  9 мүше бар: үш қазақ тілі мұғалімі, екі орыс тілі мұғалімі,  үш тарихшы,екі ағылшын тілі мұғалімі бар.Оның үшеуі жоғарғы санатты, үшеуі бірінші -  санатты, үшеуі екінші - санатты және бір мұғалімнің әзірге санаты жоқ. Бірлестік жоспар бойынша жұмыс істеді.Өткен оқу жылындағы жұмыстарға талдау жасап, жаңа оқу жылының жоспарын бекіту, графиктерді бекітіп әр мұғалім өз жұмыстарындағы төмен оқитын оқушылармен жұмыстары жайлы тоқталды.Оқу жылының басынан мұғалімдер өз пәндерінен қысқа бақылау жұмысы,  бақылау жұмыстары алынып,  әр түрлі тәсілдермен оқушылардың білім сапасының мониторингін жасап нәтижелерді салыстырып бірлестік отырысында мектептің ай сайынғы мұғалімдер жиналысында  оқу ісі меңгерушісі сараптап, талдап отырды.

Тілдер мерекесіне орай арнайы жоспар құрылып, барлық шаралар жоспар аясында іске асырылды.

Елімізде қыркүйек айының 5 күні  Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні аталып өтілгені белгілі.

Осы атаулы мерекенің құрметіне  біздің Березняковка  орта мектебінде  тілдер  мерекесіне арналған онкүндік өткізілді.Атап айтқанда апталықтың жоспары құрылып, бірінші күні Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы атты 5-11 сынып аралығында конференция сабақ өткізілді.Конференцияда 7 сынып оқушысы Қайреденова Аймира презентация қорғап,11 сынып оқушылары Бекбай Ш,Машарупов М,Молдашев А,Сарманов Д баяндама қорғаса, қазақ тілі мұғалімдері Байшураева С.Э. Байшураев С.Р. пен Слам Толқын өмірі жайлы оқушыларға тереңірек мағлұмат беріп өтті.

 Жоспар бойынша 5-8 сынып оқушылары арасында «Жүзі басқа болса да жүрегі бір тілі басқа болса да  , тілегі бір» шығарма сайысы өтті.1- ші  орын Рахманова Гүлназ бен Қайреденова А,2-ші Омар Құралай мен Мустафина Алжан иеленді.Осы оқушылар мадақтамамен марапатталды.Тіл мерекесіне орай эмблема байқауы ұйымдастырылды.Эмблема бойынша I,II,III орындармен марапатталды. «Бала  көңілдің  гүлі, көздің нұры» атты « Арма»  бала бақшасында 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәтті  тілдерімен өз жастарына қарай өлең шумақтарын орындады.Бастауыш сынып мұғалімдері «Ана тілімді сүйемін» атты оқушылар арасында сынып сағатын өткізді,онда ән айтылып,өлең шумақтары оқылып,мақал мәтелдер  сайысы өткізілді.

Кітапханашы Мұнаева С.К. оқушыларға «Тіл тағдыры ел тағдыры» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырды.Шәкірттер  ақын ,жазушылардың тіл туралы жазған шығармаларымен танысты.  «Туған тілім айбыным» атты сурет салу сайысы да  жоғары деңгейде өтті.Ең үздік  суреттер арнайы марапаттармен аталып өтілді. «Үш тіл патшалығы» атты қазақ тілі ,орыс тілі мен ағылшын тілінен жарыс сабақ өткізілді.5-9сыныптар аралығында мақал мәтелдерді соңғы сөзін табу және де үш тілде аудармасын айту,сөздерден сөйлем құрастырып, викториналық сұрақтарға жауап беріп,қатысушыларға алғыстар жарияланып жеңімпаздар  марапатталды.

Жалпы алғанда, тіл апталығы оқушылар мен ұстаздардың  белсене  қатысуымен  мағыналы,мазмұнды өтті деуге толық негіз бар.

Тіл апталығын  өткізу мектебімізде игі дәстүрге айналған «Екі жұлдыз» әндер сайысымен мәресіне жетті. 2-11сынып аралығында екі кезең бойынша  бірінші «Патриоттық әндер»,екінші «Еркін тақырыптағы әндер» сайысқа түсті.Жеңіске жеткен сыныптар  I,II,III орындармен марапатталд

Тіл апталығының соңы  мектепте дәстүрге айналған «Екі жұлдыз»әндер сайысымен аяқталды.Биылғы оқу жылының өзгешілігі бұл сайыста әр сыныптан   оқушы мен ата -аналар қатыстырылды :бірінші ән  -«Патриоттық әндер» ,екінші ән «Әртүрлі бағыттағы әндер» бойынша сыныптар сайысқа түсті.Сайыс соңында жеңген сыныптар  I, II,III  орындар бойынша марапатталды.Қорытындылай келе, ұстаздар мен оқушылардың, ата -аналардың  ана тілімізді қадірлеуге, оның өркендеуіне өз үлестерін қосатына сенімдіміз.

Қазан айының 14 күні жалпыұлттық диктант күні белгіленіп латын әліпбиінің емлесі бойынша арнайы республикадан келген үнтаспаны естіп отырып оқушылар,ұстаздар ауыл тұрғындары,ата аналар барлығы диктант жазып,оны мектеп әкімшілігі тексеріп ауданға тапсырды.

Мектепішілік олимпиада он төртінші қараша айында І-ші тур өтілді .Биыл олимпиадаға

 8 сынып пен 11сынып аралығындағы оқушылар қатыстырылды. Әр оқушы бір пәннен таңдады.Гуманитарлық  бағыт бойынша 5 оқушы қатысып әр оқушы өз тандаған пәніне байланысты тапсырмаларын алып орындады.Пән мұғалімдері тапсырманы түгелдей тексеріп екінші турға өтетін оқушылардың тізімі ілінді,өткен оқушылар келесі турға дайындық жүргізілді .Пән мұғалімдер ІІ турға  5 оқушы өтті.Он бесінші  қараша күні тест түрінде алынды.Екінші тур шешімі бойынша оқушылардың тізімі ілінді. Мектепте Рахманова Г, Хатмуллин А ,Омар Қ, Тоғанасова Р, I-II орындармен марапатталса ,аймақтыққа өткен соның ішінде қазақ тілінен Молдашев Асылхан.

Олимпиадаға әр пән мұғалімдері дайындық жүргізді.Аудандық олимпиададан қазақ тілінен Молдашев А ІI-орын иеленіп келді.

Желтоқсан айында «Ұлы Даланың Жеті Қыры» елбасымыздың мақаласын оқушылар конференция түрінде өткізді.Әр сынып бір қырдан алып сол жайында презентация дайындап,газет қиындыларымен жинап қорғады,қазылар алқасы конференция біткен соң мадақтамалармен марапаттады.

Таих пәнінің мұғалімі Белгібаева Н.Т.  «Үздік педагог 2018»республикалық сайысқа қатысып 3орынды иеленді,Байболатова Салтанат  «Мектеп ұстаздарының әлемі»атты республикалық журналға өзінің ұстазы жайлы шығарма  жазып 1 орын дипломмен марапатталса ,сынып жетекшісі Белгібаева Н.Т. алғыс хатпен марапатталды.

 

Желтоқсан айының басында ағылшын тілінен «British Bulldog» 3-5 сынып оқушылары қатысып сертификатпен марапатталды.Жауаптары республикаға жіберілді наурыз айының аяғында белгілі болады.

 

 

 

Гуманитарлық бағыт бойынша мектепішілік олимпиадағы

қатысқан оқушылар тізімі

Аты-жөні

Сынып

Пән

  Жауапты

  1.  

Рахманова Гүлназ

Қазақ тілі

Слам Т

  1.  

Молдашев Асылхан

11а

Қазақтілі

Байшураева С.Э.

  1.  

Хатмуллин Артем

Орыс  тілі

Каймульдина Б.Б.

  1.  

Омар Құралай

Ағылшын тілі

Курмашева А.Н.

 

Тоғанасова Райхан

Ағылшын тілі

Сатубаева А.У.

                          Гуманитарлық ӘБ-нен аймақтық және аудандық

Олимпиадаға қатысқан оқушылар тізімі.

Пән

Оқушының аты-жөні

Сынып

2018 -2019ж

метепішілік

Аудан

Облыс

1

Қазақ тілі

Молдашев Асылхан

11а

 

ІI-орын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану математика әдістеме бірлестігінің

2018-2019 оқу жылының 3-тоқсан барысында 5-9 сынып оқушыларының математика пәнінің бақылау дәптерлері тексерілді.

Мақсаты: математика пәні  бойынша бақылау дәптерлерін жүргізу кезінде бірыңғай орфографиялық режимді сақтау; оқушылардың орфографиялық қырағылығын арттыру жөніндегі мұғалімдер жұмысының тиімділігін арттыру.

Қортындылай келе 5-9 сынып оқушыларының дәптерлері жақсы:

  1. Жасалған жұмыстардың қорытындысы орындалған, бағалары қойылған.
  2. Дәптерлері толық, талапқа сай толтырылған, сырты жазылған, қапталған.  
  3. Математика пәнінін өткен бақылау жұмыстары жоспарға сәйкес  журналға 

бағалары қойылған.

Тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдар:

  1. 5-9 сынып мұғалімдері оқушылардың каллиграфиясына  байланысты жұмыстарды күшейтуі.
  2. Бақылау жұмысына арналған дәптерлерді жүргізу кезінде бірыңғай орфографиялық режимнің сақталу.
  3. Қателер бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуі керек.

5-11 сыныптар бойынша білім сапасы  2018-2019 оқу жылының 2 тоқсаны

 

Мектеп

Математика

Физика

Химия

Биология

География

Информатика

5-11 сыныптарда неше оқушы математиканы оқиды

Оның нешеуі 3-ші тоқсанда тоқсандық 4 пен 5 алды

7-11 сыныптарда неше оқушы физиканы оқиды

Оның нешеуі 3-ші тоқсанда тоқсандық 4 пен 5 алды

7-11 сыныптарда неше оқушы химияны оқиды                   

Оның нешеуі 3-ші тоқсанда тоқсандық 4 пен 5 алды

6-11 сыныптарда неше оқушы биологияны оқиды                

Оның нешеуі 3-ші тоқсанда тоқсандық 4 пен 5 алды

6-11 сыныптарда неше оқушы географияны оқиды                  

Оның нешеуі 3-ші тоқсанда тоқсандық 4 пен 5 алды

5-11 сыныптарда неше оқушы информатиканы оқиды                

Оның нешеуі 3-ші тоқсанда тоқсандық 4 пен 5 алды

Березняковка ОМ

42

26

29

24

29

21

34

27

34

24

42

0

                         Жаратылыстану –математикалық  ӘБ-нен аймақтық және аудандық

Олимпиадаға қатысқан оқушылар тізімі.

Пән

Оқушының аты-жөні

Сынып

2018 -2019ж

мектепішілік

Аудан

Облыс

1

Математика

Машарупов Махмұт

11а

І-орын

ІІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорыта келе, бірлестіктің жұмыстары жоспар бойынша іске асырылады. Бірлестік мұғалімдері жұмыстарын жауапкершілікпен атқарады.

Қорытынды:

 Жалпы алғанда,  1-жартыжылдықта оқу бағдарламасы барлық пәнедер бойынша орындалды.

Үлгерім 1-11 сынып аралығында 100%, сапа  2-11-  57,3%.

 

Орындаған ОТЖО:              Байшураева С.Э.

 Директор:               Каймульдина Б.Б.

 

Жаңартылған күні: 05.03.2019 10:35
Құрылған күні: 06.03.2021 23:51

Текст