«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіз елдің баласымын

21.08.2017

 

                 Тәуелсіз елдің

баласымын

 

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Күрескерлер қаймықпады,ерледі.

Қаны менен жанын берген ерлердің,

Есімдері мүмкін емес өшпегі...

Азаттық.Теңдік.Тәуелсіздік.Осы

ұғымның салтанат құруы үшін талай жас басын қатерге тікті.

  Тұтқиылдан түскен мәлімет алаңға

жастарды жинады.Аяз қысап,қыс қаһарын төгіп тұрса да,жастар қатарын

сиретпеді.Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты.Оларға

жала жапты.Ұлтшыл,нашақор деп кінә тақты.Сол екі күн күллі әлемді дүрліктірді.Қазақ

елі Қайрат,Ербол,Ләззат,Сабира сынды ер жүрек қыз-жігіттерінен айырылды.Желтоқсанның

ызғары сейіліп,қазақ «Тар жол,Тайғақ кешуден» өтті.Жұбан атамыз айтқандай:

«Қайта туып ,өмірге қайта келдік».Ел де,жер де,асқақ тау да,бау-бақша да

өзіміздікі болды.

  Егемендіктің арқасында дүние жүзіне

танымал ел болдық.Әнұранымыз,Туымыз бен Елтаңбамыз,төл теңгеміз бар Тәуелсіз

елміз. Міне сол Тәуелсіз елімізге биыл  25

жыл толды.

  Егемендік үшін қан төккен

аға-апаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтаймыл ыз.Тек қана ата-бабаларымыздың

азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр заманға жеткен елімді

мақтаныш етемін.

  «Ұлтарақтай болса да,ата қоныс жер

қымбат,

Ат төбеліндей болса да,туып-өскен

ел қымбат» демекші Атамекенге қызмет ету-әрбір азаматтың игі арманы.Сол

азаматтардың ішінде мен де бармын.

  Тұғырың қашанда биік болсын қазақ елі!

 

Березняковка орта мектебі

«Шұғыла» клубы

     Каримова Айгерім   

11 «А» -сынып  


Просмотров: 197

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст