«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

MELILOTUZ ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

10.10.2017

MELILOTUZ  ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Кенесова

А.К.

 

 

Aizada_kenesova@mail.ru

   

 Melilotuz бұршақ тұқымдасына жатады.Melilotuz

- биіктігі 1,5-2 м, бір не екі жылдық өсімдік. Вегетациялық

масса қалыптасуына және тұқым өнімділігі бойынша ақшыл түйе бұршаққа ұқсас.

Тамыры өзекті, 100-160 см

тереңдікке жетеді, жанама тамырын бойлай өскен түйнек жақсы дамып өскен.

Сабақтары тік, сирек шашақты, көп шашақты, ұзын (60-210 см биіктікте).

Гүлшоғыры - көп гүлді шашақты, ұзынша-цилиндрлік пішінді, гүлдері ұсақ, сары.

 

Melilotuz айналымдары органикалық заттар және топырақтағы гумустың

неғұрлым жоғары рентабельділік өсірудегі мәдениетін қамтамасыз етеді.

           Melilotuz көбіне біркелкі қоңыржай,

қуаң климаттың мәдениеті болып табылады. Оның көбі

орманды және далалы алқаптарда шоғырланған. Ол кең жайылған бұршақты дақылдар –

жоңышқа мен бедеге қарағанда топырақ және ауа қуаңшылығын жақсы өткереді, жақсы

агротехника барысында көп жылдық жоғары сапалы әрі нық өнімдер, көкті масса

және дәнді-дақылдар бере алады.

           Melilotuz дәндерінің өнуі кезеңінде ылғал жетіспеушілігінен

тұқымның өнуі тым сиректеледі, содан барып өсімдіктердің ішінара немесе

түгелдей қырылуы байқалады. Қиын-қыстау кезеңде топыраққа ылғал жетіспеушілігі

кезінде melilotuz үшін бүрлену кезеңі –

гүлдеу кезеңінің басы, генеративті ағзалардың дамуы болып табылады.

Өсімдіктердің өсу даму кезеңінде топыраққа ылғал жетіспеушілігі гүл

қауыздарының солуына, гүлдер мен түйіндер жапырақтақтарының түсуіне, яғни

өсімдіктердің тіршілік кезеңі - ұрпақ жаңаруына кесірін тигізеді.

          Melilotuz мәдениеті кұрғақшылыққа төзімді өсімдіктерге жататынына қарамастан, өзге

сұрып түрлер, соның ішінде, жабайы өсетін популяциялардан осы белгілеріне

қарағанда біраз айырмашылығы бар. Әрине melilotuz

мәдениетінің құрғақшылыққа төзімділігі түрлі эколого-географиялық факторларға

себепші болуынан. Сондықтан да ылғалдану 

жағдайы melilotuz-тың өнім беруіне аз септігін тигізеді деп ойлауға

болмайды [1; б. 15-20] .

         Melilotuz-тың

құрғақшылыққа төзімділігі тамыр жүйелері құрылысына байланысты. Құрғақшылыққа

барынша төзімді популяция түрлері күшті әрі тереңге бойлайтын тамырлы жүйе  күрделі архитектоникаға: олар жуан, өзекті,

терең тармақталған тамыр, бүйір жақ күшті тамырларымен, әрі жуан және ұзын

бүйір жақ тежеуіштері өз алдына екінші, үшінші және келесі ретте тығыз

орналасқан бұтақтарға ие.  Melilotuz тамырлар жүйесінің 

мұндай құрылысы суды топырақтың терең қабаттарынан сіңіруіне септігін

тигізеді. Melilotuz -тың құрғақшылыққа төзімділігі айтарлықтай дәрежеде оның

анотомиялық құрылысында.

         Құрғақшылыққа едәуір төзімдісі сары, Melilotuz ал

ыстыққа барынша төзімдісі – каспийлік  

Melilotuz болып табылады. Melilotuz- тың бұл екі түрі жабайы күйінде

далалы және жартылай далалы аймақтарда барынша жайылған.

          Солтүстік Қазақстанға тән, жаздың ерте құрғақшылығында ақ өсіп-өнуін

доғарады, ал сары түйежоңышқа – жапырақтарының бөлігін түсіріп, қалған  құнарлы заттарын шамалап жұмсау үшін

транспирационды коэффицентін барынша қысқартады. Шөгінділерінің

берекелі түсуінен кейін ақ түйежоңышқа вегетациялық мөлшерін барынша ұлғайтып,

гүлдейді. Бұл уақытта сары түйежоңышқаның гүлдеуі аяқталады, ылғал тұқым өнуіне

жұмсалады. Сондықтан да Солтүстік Қазақстанда сары түйежоңышқаның өнімділігі ақ

түйежоңышқа дақылдарының өнімділігіне қарағанда жоғары. Бірақ кей жылдары, ақ

түйежоңышқа дақылдарының барынша жемісті болуы кездеседі.  Сары түйежоңышқа үшін пайдасы жоқ,

генеративті мүшелерінің қалыптасуының аяқталғанда, құрғақшылық біткенін күтіп,

ол жаздың екінші бөлігінің жауын-шашынын пайдаланады [2; б.25 ].

           Көптеген

зерттеулер барлық бұршақты шөптесіндер ішінде Melilotuz-тың

қысқа төзімділігін көрсетеді. Далалы және орманды далалы аймақтар Melilotuz да -30С-тан -40С-қа

дейінгі аяздарды (топырақ үстінен 2,5-0,4 см) қар қалыңдығының 20 см биіктігіне

тамырлы мойындарына дейін көтереді. Кей авторлар пікірінше, тың

қысқа Melilotuz шыдамдылығына топырақ

өсінділеріндегі тамырлы мойындар жатысының тамыр жүйесінің дамуына барынша

септігін тигізеді. АҚШ ғалымдары  Melilotuz түрлерінің  қысқа шыдамдылығын жинақталған қорларының  суда ерігіш нәруыздар мен көмірқышқылдың

барынша молдығымен байланыстырады. Қысқа шыдамды түрлерінің байламдары қысқа

болып келеді. Көпжылдық шөптердің қысқа шыдамдылығы күзгі кезеңде күн

қысқаруына байланысты екені белгілі. 

Өсуін одан әрі жалғастыратын өсімдіктер, қорға қажетті пластикалық

заттардың  жиналуын жинап үлгермейді және

қысты әзер өткереді. Бірақ, Melilotuz-тың

қысты жоғары дәрежеде өткере алатыны дәл емес. Бұл көрсеткіш соның ішінде

популяция түрлерінің қатыстылығына байланысты. В.В.Сувроров (1962), Т.Д.Шарнина

(1964), А.С.Яковлев (1968) Melilotuz -тың ақ, сары, хош иісті түрлерін  қысқа барынша шыдамды санайды. Қысқа әлсіз

шыдамдыларына қырымдық, тісті, жоғары бойлы түрлерін жатқызады. Сондай-ақ, Melilotuz-тың қысқа шыдамдылығына

эколого-географиялық популяцияның шығу тегі әсер етеді делінеді. У.М.Сағалбеков

(1980), Я.М.Абдушаева (1997) Венгрия, Литва, Украина түйежоңышқалары қысты өткерген

өсімдіктердің пайызы барынша аз деген байламға келеді. Е.В.Колесникова (1970),

У.М.Сағалбеков (1985, 2005), Г.М.Андрусова (1987, 2003) пікірлерінше, Melilotuz -тың Сібір, Поволжья, Қазақстандағы үлгілері жоғары

өнімділікті қысқа шыдамдылығымен байланыстырады.

          Топырақтың

химиялық құрамының жақсаруы Melilotuz -тың өңделуі мен азот бекіткіш қасиеттерімен беде мен

жоңышқаға қарағандағы тиімділігіне байланыстылыға белгілі. Д.Н.Пряшников (1962,

1975) айтуынша,  Melilotuz өсімдіктерінің топырағы мен тамырларында - 203,7

кг/га, беде өсірілуінде – 300,2 кг/га, жоңышқада – 182,5 кг/га азот жиналады.

М.М.Шубин (1958) зерттеулері  Melilotuz  жер айдалуы

кезінде жасыл тыңайтқышты топырақтығы азот мөлшері 135 кг/га-ға дейін өсетіні

көрсетті. В.В.Суворов (1962)  зерттеулері

бойынша жер бетіндегі азот массасы және тамырларында гүлденер алдындағы екінші

жылдық өмірінде - 178,7 кг/га-ға дейін жиналады. Melilotuz -тың

азот бекітуі тамырларының түйнек бактерияларымен селбесуінен. I.Iohnson (1981),

Mc Ewen J. (1985) зерттеулерінше, олардың белсенді дамуына топырақтың қолайлы

ылғалдылығы, фосфор, калий және басқа да азық элементтеріне, топырақтың рН -

5,6-8,0 болуы керек. Ақ Melilotuz өсімдіктерінің инокуляциясы өсімдіктер өсуін

ұлғайтады, өте құрғақ заттардың қорға жиналуы, протеиндардың жасыл масса

құрамында болуын қадағалайды. Автор айырықша селбесу – инокуляция кезіндегі

штаммдар, орманды топырақтардан бөлінген қара-сұр және сілтіден айырылған қара

топырақта  (Новосибирск аймақтарында) кездесуін көрсетеді.

Инокуляция өсімдіктерді қайта отырғызу кезінде қайта ұласып өсуін, түптілігін

жақсартады, қайта отырғызу кезі мен қайта өніп шығу кезеңін қысқартады.

Н.А.Токарь (1966), П.И.Кузнецов (1992) бақылауларынша Melilotuz-тың екінші жылдық

өмірінде топырақты фосфор және калиймен байытады [3; б.30 ].

            Melilotuz-да ерекше жұпар, хош

иісті кулшрин бары анықталды. Ол азыққтық, медициналық, парфюмериялық, сабын

қайнататын, спиртті сулы, темекі бұтағы өнеркәсібінде кең қолданылады. 

Мәлімет бар 

оның күшті иісі алдымен жануарларды үркітеді, бірақ тез үйренісіп

кетеді. Кумарин  зиянсыз. Жануарлар үшін

азық дайындау технологиясы кезіндегі кумариннің бұзылуынан антикоагулянт дикумарол

қауіпті. Е.В.Дейнеко (1983) жұмысында, Melilotuz-тың барлық түрлерінен

кумарин мөлшері ең азы – тісті Melilotuz (0,39-0,03%)и болып

табылады. Автордың айтуынша, сары және ақ Melilotuz бұл белгінің кең білінуімен (0,14-тен 1,41 %-ға дейін)

ерекшеленеді. Беде пішіндес ақ Melilotuz бастапқы өмір

тіршілігінде екінші жылдық дәрежесіне қарағанда аз мөлшердегі кумаринді

өсімдіктерді қамтиды. Бұдан басқа, солтүстік белгілеріне қарағанда, далалы

аймақтардағы Melilotuz кумарин көп; ылғалды

аймақтарда орналасқандықтан кумарин мөлшерін азайтады. Е.В.Дейнеко (1981)

көрсеткіші бойынша, түйежоңышқа өсімдіктеріндегі кумарин мөлшері түр, орта,

өсімдік бөліктері, өмір сүру кезеңі, уакыт мөлшері, даму фазаларына байланысты

болып келеді. Кумарин мөлшерінің тамырдағы аздығы белгілі; кумарин сабақтарына

қарағанда жапырақтарында 1,5-2 есе көп, кумариннің аз мөлшері – таңғы және

кешкі уақытта, ең көбі – түсте. Кумариннің ең көп мөлшері толық гүлдену

фазасында жинақ Сонымен қатар  түйежоңышқа балды

өсімдіктер қатарына жатады. Melilotuz балы ашық түсті, тұнық,

өткір иісті, аздап қышқыл, ұзақ қатпайды және аралар қыстауына жарамды.  Белгілі-бір кумаринденген қосылыс санынан бар

Melilotuz жасалған стандартталған дәрі-дәрмектер тромбофлебитаның бастапқы кезіндегі

лимфалық ісіктерде, лимфалық қан тамырларыны қабынуларында, лимфалар тоқтап

қалғанда қысынылады. Сырттай (айналдырулар, катеолазм) - жара, чирыл ісіктері,

жарадан контузиядан кейінгі қан аққанда, варикоз көріністерінде, қабақ пен

коньюктивиттерді жуғанда қолданылады.

Melilotuz түрлі көз ауруларының

емінде қолданылады: қабақ жағының асқынуы, қабақтың жеңіл күйігінде. Сонымен

қатар, ауыр жарақаттар, басқа да ауру түрлерін емдеуде оң әсерін тигізеді.

Двукумарол қанайналым жүйесіндегі аурулар, яғни, түтікшедегі қан қоюлануы

немесе олардың пайда болуының алдын алуда қолданылады.

Беларусия халықтық медецинасында Melilotuz

қолданысы әр түрлі: Несеп айдатқыш ретінде етеккір кезіндегі ауырсынуларда, бас

ауруларында шөп тұнбасын ішіп,  миозит

кезінде түтінімен ыстайды, ірің жарақаттарында, ойық жараларда булау әдісін

қолданады, аналық безі ауруларында ванна қабылдайды.

Болгария халық медицинасында

Melilotuz демікпеде, ішектегі желде, емізетін аналардың сүтін көбейту үшін

жеткіліксіз және ауырсынулы етеккір ауруларында және басқа да ауруларға

қолданылады. Емізіетін аналардың омырау ұштарының суық тиіп қабынуында, жәндік

шаққан кезіндегі ісінулерде, геморрой, қабақ қабынуларында т.б сырттай

қолданады. Қолдану әдісі: 300 мл қайнатылған суды 1 ас қасық шөпке құйып 2

сағат тұндырады.Осындай әдіспен, Melilotuz тиімді мәдениеттің бірі болып

табылады [4; б.10].

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Сагалбекова У.М. донник –

универсальная культура. – Алматы: НИЦ «Бастау»  КазАСХН, 1995г.

2. Нурбаев О.Н. Донник желтый –

ценная кормовая культура // Вестник с – х науки Казахстана. – 1992.№4.-С.30-32.

            3.Мелешко    Н.А.

Донник / Н.А. Мелешко. - М.-Л.: Госсельхозгиз, 1934. – 142б.

            4 Донник белый Немюгюнский // Кормопроизводство. -

2003. -3-15б.

Просмотров: 216

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст