«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап – білім бұлағы

06.11.2017

Кітап – білім бұлағы

   Кітап - білім бұлағы. Кітап - білімнің қайнар көзі.

Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап

қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам

кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды

үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке

айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болса да құштарлығын дамытуға

көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.Кітапсіз

өмірді елестету де  мүмкін емес сынды. Әйтсе де онымен достасудан

қашқақтап, әр парағын жұлып, қор қылып, шаң басқан сөрелерге тастаған жандар

қаншама. Адамзат баласының

қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан

түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы

да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен

тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың

артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да

тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап ,талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну,

алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен

білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне, осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда

төмендеп отыр. «Кітап - маған тақтан да,

қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.Өкінішке орай , көркем әдебиетке деген  балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке

деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген

ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.  Бұдан

соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы

адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып,

ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы

балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым

жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына

арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап

деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім.

Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден

қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын

жан – жақты іздеу.Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын

бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша

қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп –

кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс

жасау қажет.  Мысалы өзім

кітапханашы ретінде балалардың кітап оқуы орташа деңгейде екенін айта аламын. 

Осы орайда кітапханашыларға көмекші

ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен

кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі

айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған

жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді.

Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.

Олар өзімен  бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген

дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған

кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез

қалыптаспауына болысады.    

Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады деген ойдамын. Сондықтан да балаларға айтарым кітап

оқыңдар!

 

Мунаева Сауле Кенесовна

Березняковка орта мектебінің

 кітапханашысы

 

 

Просмотров: 432

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст