«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абылай ашық сабақ әдебиет

08.01.2018

Күні/айы 

Пәні:

 

Әдебиеттік оқу

 

Сабақтың тақырыбы

  Абылай.

Жалпы мақсаты

Оқушыларды  жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге

түскен қазақ ханы Абылаймен таныстыру

Оқыту әдіс-тәсілі

диалог, әңгімелесу, талқылау

Модуль

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытудағы

жаңа тәсілдер, АКТ, бағалау

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар

жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ ханы Абылаймен танысады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, үлестірмелі парақша.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 

 

 

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Психологиялық тренинг

( оқушыларға 4 түрлі стикерлер

таратылады, олар оған  адамның жақсы

қасиетін  жазады да, ортаға шашады.

Әркім өзіне ұнағанын алады.Жазылған қасиеттерді дауыстап оқиды. Стикерлердің

түрлілігіне қарай топқа бөлінеді.)

3. Бағалау критерийлерін жасау

Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын

белсендіру.

Өтілген материалмен жұмыс.

Үй жұмысын тексеру. (оқушыларға 2

сұрақтан дайындап келу ұсынылған болатын)

Әр топ таңдалынып алынған 2 сұрақтарын

қояды. Басқа топ жауап бере отырып, өз сұрақтарын басқа топқа қояды.

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне

деген жақсы  қарым-қатынас орнатады

 

 

 

Топтық жұмыс

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, осы жеті өсиетті білгеннен кейін оны ұстану керек. Бүгін

сабақта біз сендермен бірге қазақтың батыры, ханы Абылай өлеңімен танысамыз.

-Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ

Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет

қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін

салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан.

Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның

Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке

отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып

ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ

келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли

туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған)

«ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. (қосымша мәлімет)

Абылай хан кім болған? Ол туралы не

білдік?

Өлеңнің авторы Байбота Серікбайұлы

Қошым-Ноғай (1993 ж. д. аты-жөні: Байбота Серікбаев) (8.5.1954 жылы туылған, Қызылорда

облысы Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы (бұрынғы "Талап" кеңшары) -

ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1978-1988 жылдары "Жалын" баспасында редактор, аға редактор, "Мәдениет

және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналында, "Ана

тілі" мен "Қазақ елі" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім

меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, "Жазушы" баспасының

жетекші редакторы қызметтерін атқарған. Алғашқы өлендер жинағы "Тұңғыш

кітап" 1977 жылы жарық көрді. "Тіршілік

ұясы" атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты

атанды (1988). Б.Қошым-Ноғай (Б.Серікбаев) армян ақыны

С.Капутикянның "Маша сурет салады" (1983),

орыс ақыны Е.Благининаның "Шинельді неге сақтап жүрсің?" (1985)

кітаптарын қазақ тіліне аударды. Көптеген шетел ақындарының өлеңдерін ана

тілімізде сөйлетуге атсалысты.

Өлеңмен жұмыс.

-Жеке, жұпта, топта талқылау

-Әр топтан 1 оқушы шығып, өлеңді

мәнерлеп  оқу.

Сұрақ-жауап

«Қарлы кесек» әдісі арқылы өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қою.

 Сергіту сәті:

Шығармашылық жұмыс

*Өлеңді қуантып айту

*Өлеңді мұңайтып айту

*Өлеңді көңілді әуенге салып орындау

* энциклопедиядан Абылай хан туралы

постер құрастыру

 

 

Мәлімет алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жеке

жұмыс жүргізеді

(1

мин)

-Жұппен

жұмыс  (1  мин)

-Топта

талқылайды (2 мин)

-Әр

топтан бір оқушы ортаға шығып оқу.

-Өзін-өзі

бағалау

  -Топқа берілген шығармашылық тапсырмаларды

ортаға шығып орындау

Бекіту, қорытынды

-Абылай хан туралы не білдік?

- әр топ бір-біріне сұрақ қояды

 

Бағалау

- рефлексия кезеңі. «Жүрегімді тербеді»

( оқушылар кішкентай жүрекшелерге бүгінгі сабақ бойынша ең маңыздысын жазып,

үлкен жүрекке жапсырады)

- спикер бағалау

-мұғалімнің бағалауы

Үйге тапсырма

161 – бет, өлеңді жаттау

Үйде жазу

Абылай хан туралы реферат жазу

 

Просмотров: 269

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст