«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жол ережесін білейік

09.02.2018

 

Жол ережесін білейік, абайлап жүрейік!

Тақырыбы: Жол ережесін білейік, абайлап жүрейік.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты:Балалардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын

қалыптастыру.Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын

қызметімен таныстыру.Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін

пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық

мақсаты: Танымдық

белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, ойын

арқылы  ойлау қабілетін, тақпақ арқылы

тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы

ұйымшылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: бағдаршам макеті, жол қауіпсіздік туралы суреттер, жол

белгілері.

"Достық

шеңбері" сәлемдесу.

Тәрбиеші:Балалар тақтада не көріп тұрмыз?

Балалар: жолдар, көшелер, көліктер.

Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?

Балалар: тегіс жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.

 Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жауабын тауып

көрейік.

Жұмбақтар: Үш көзі бар қаз-қатар.

                       Кезек-кезек ашады.

                       Үшеуінен байқасан

                       Үш түрлі нұр шашады.

                                                  

(Бағдаршам)

                         Ала таяқ ұстаған

                        Жол тәртібін нұсқаған

                        Көшелерді күзеткен

                         Ысқырықпен түзеткен

                                                 

(Жол сақшысы)

                         Ұзын-ұзын ұз  келер,

                         Ұзын бойлы қыз келер.

                                                     

(жол)

                      

Тәрбиеші: Бәрекелді, жарайсындар! Бүгінгі сабағымызда жолда жүру

ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен

танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.

Енді бағдаршам, жол

белгілер немесе көліктер туралы қандай тақпақтар білеміз кәне айтып көрейік.

Балалардың

тақпақтары:

  1. Көше, көшелер

     Көліктерге мінемі

     Көшелермен, көшелермен

     Күнде тынбай жүреміз.

2. Жол жүрудің

тәртібін,

     Ережесін білеміз.

    Сақтағанда қатерден

     Сау-саламат жүреміз.

3. Ортасында тұра

қап

   Оңға-солға бір қарап

   Жолдың арғы шетіне

    Жетіп алам жылдам-ақ.

Тәрбиеші: жарайсындар балалар, таңбалармен таныстық, ережелерді

еске түсірдік, енді бір қызықты ойын ойнайық.

"Бағдаршам"

ойының ойнату.

Шарты: балалар

дөңгеленіп тұрады, бағдаршамның қызыл түсін көтерген-балалар бір адым артқа

жылжиды.Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады.Жасыл түсті

көтергенде бір -адым алдыға жылжиды (ойын 3 рет қайталанады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 224

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст