«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауыл әйелдерінің форумы»

20.03.2020

Ауыл әйелдерінің форумы

 

Елікті орта мектебінде халықаралық әйелдер күніне орай аналар арасында  «Ауыл әйелдерінің форумы» атты сайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты- ата-ана мен мектеп арасының қарым-қатынасын нығайту.

Әр сыныптан барлығы 13 аяулы ана қатысқан сайыс қызықты да тартымды өтті.

4 кезеңнен тұрған сайыста аналарымыз өздерінің қара сөзге дес бермейтін шешендігін, сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі екендігін, бала тәрбиелеу жолында парасатты да, ақылды, ана, дана әже екендіктерін және он саусағынан бал тамған шебер аспаз екендіктерін жан-жақты шеберлікпен көрсете білді. Әсіресе, «Бала тәрбиелеудегі ананың рөлі» жобасын қорғауда аналарымыз өз ошақтарында қалыптасқан бай құндылықтар мен ізгілік жолын нұсқайтын  өнегелі ережелері ата-бабамыз салып кеткен салт-дәстүрмен заманауи тұрғыда сабақтасып, өте сәтті шыққан.

Сонымен қатар, асыл  аналарымыздың қолымен жасалған түрлі қолөнер бұйымдары, өз қолдарымен тіккен қазіргі заманғы көздің жауын алатын сән үлгісіндегі киімдері, ұлттық тағамдары- бәрі-бәрі байқаудың ерекше сән-салтанатын арттырды. Кешімізге ҚР Ақмола облысы филиалының Коммунистік халық партиясының І-хатшысы Мажитов Бейсембай Дайырұлы қатысып, қазылар алқасында төрағалық етіп, қатысушы аналарымызға демеуші болды.

 Байқау қорытындысы бойынша І-орынды көпбалалы ана, күміс алқа иегері Тоғанасова Базаргүл, ІІ-орынды  мектебіміздің белсенді анасы Рудиюк Нейлля, ІІІ орында 4 баланың анасы, Дюсимбай Гүлдана иеленді.

Демеушіміз Бейсембай Дайырұлы қалған аналарымызды да құр алақан қалдырмай, өз сый- сыяпаттарын беріп, риза қылды. Қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленген көп балалы ана, алтын алқа иегері Жүнісова Қарлығаштың өнері мен өнегесі ерекше бағаланып, Коммунистік халық партиясының арнайы сыйлығымен марапатталды. әйелдер күніне орай аналар арасында "

 

Ел жатқанда жатпаған, бала деп тыным таппағн, асыл да ардақты аналарымыздың  бала тәрбиелеудегі айрықша еңбегі,  жас ұрапақ бойына сіңіріп жатқан терең, ұлағатты тәрбиелері көңілімізді қуантты. Осындай қазіргінің Қарашаштары мен Домалақ аналары тұрған кезде бала тәрбиесі нығая беретініне сенімдеміз. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, мейірбан жүрек аналарымыз аман болсын. Батыр да, батыл аналарымыздан тәрбие алған ұрпағымыздың рухы өр , тәні бекем болатыны сөзсіз.

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст