Алтын күз табиғат аясында
Әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктері бар.Табиғат дегеніміз қай кезде болмасын тамаша дүние. Күз келсе біз сары-қызыл жапырақтарды,қыс түссе аппақ қарды тамашаласақ,көктемде бүршік атқан ағашты,ұшып келген құстарды көреміз. Жазда жеміс-жидек теріп,көлге шомыламыз.Әр жыл мезгілінің өзіне тән қадір- қасиеті бар және сол мезгілдерді ерекше өткізіп, сағына күтеміз. Жыл мезгілдері бәрі тамаша. Әйтседе,біздің Елікті орта мектебінің оқушылары үшін жылдағы дәстүрлі Алтын күз мерекесі өте ерекше түрде өздерінің туған өлкелерінің табиғат аясында өткізді.Іс шараның қызықты өтуіне мектеп мұғалімдері мен оқушылары атсалысты. Балалар табиғат аясында түрлі ойындар ойнады.Туған жердің табиғатын тамашалады. Одан әрі алдын ала әр сыныптар бірлесіп өз ара топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды орындауға кірісті ойын барысы балаларды қатты қызықтыра түсті.Әр топ өздеріне ат қойып жарысқа дайындалды.Жапырақтардан төсбелгі жасап оны топтар арасында қорғап шықты және қыздар арасында ермексазбен жұмыс ұйымдастыра білді қыздар әр түрлі күз мерекесіне байланысты жұмыстарды шығармашылықпен тапқырлық, іздемпаздығымен қолдарынан не келетінің достарының алдында көрсете білді. Ал ұлдар жағы доппен ашық алаңда футбол жарысын ұйымдастырды.Балалар үшін табиғат аясында тамақтану бір қызық әр сынып өз орталарында тамақтанып биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған Іңкәр атты сұлу қызымызды туылған күнімен құттықтап ән салдық.Балалардың куанғаны біз мұғалімдер үшін зор мәртебе.Бір күндік өз туған жеріміздің табиғаттында балалар демалып,еркін ойын ойнап жақсы демалды деп ойлаймыз. Іс шара соңында мектеп директоры Каймульдина Ботагөз Бекенқызы мерекені ұйымдастырған мұғалімдермен оқушыларға өз алғысын білдірді.Міне Елікті орта мектебінің Алтын күз мерекесі өте жақсы деңгейде өтті дегім келеді.