«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыз бала тәрбиесі

15.02.2019


Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Қазақ қыздарының сұлулығы мен инабатты да ибалы тәрбиесіне сүйсінбеген,қызықпаған ұлт жоқ- десек артық айтпағанымыз.Рухани тарихымыздың тарғыл беттерін парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен, оның үстіне жүрек тербер, сезім силар қазақтың халық әндеріне, немесе мақал – мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші. Нені меңзеп нені айтар екен. Бұларда аналарға, қыздарға тән әрі тәрбиелік, әрі тағылымдық мәні ерекше толғамдар бар.

Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін – сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, 
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес, 
Халқының сақтай білген ізгі салтын- дегендей , қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген.

Сондықтан  қазақтың салт –дәстүрін дәріптеп рухани жаңғырту мақсатында Березняковка орта мектебінде «Қыз бала –ұлттың ұяты,халықтың шырайы» атты үлкен іс-шара өтті.Бұл іс-шараны мектебіміздің ана- клубының жетекшісі Науразбаева Роза Камалиевна ұйымдастырып  өткізді. Аталмыш іс-шара конференция түрінде өтіп әр сыныпқа алдын ала тақырыптар таратылды да берілген тапсырманы оқушылар өз фантазияларына салып презентация немесе жоба іретінде ашып талдап берулері керек болды.Мысалы:

тақырып

сынып

1

Зиянды қылықтар

5

2

Әдептілік-әдемілік

6

3

Қызым саған айтам

7

4

Ер намысы,қыз абыройы

8

5

Ерте тұрмыс құру

9

Әр сынып өз тақырыбын өте тамаша аша білді.Бесінші сынып қыздары өздерінің жастарының кішкентайына қарамай қазақ қыздарына жат зиянды қылықтарды талдап бере алды.Ал алтыншы сыныбымыздың қыздары оқушылардың алдына қазақтың ұлттық киімдерін киіп шығып отырған көрермендерді бір таң қалдырса  кейіннен отырған оқушыларды өздерінің тақырыптарын жоба іретінде жасап оны жан –жақты талдап тағы бір таң қалдырды.Олар өздерінің тақырыптарын ашып қана қоймай сонымен қатар қазақ қыздарының әдепті қылықтары мен қазақ қыздарына тән тәрбиелі мінездерін де паш ете білді.

Ал жетінші сынып қыздары тақырыптарын презентация іретінде жасап әрбір қазақтың мақал мәтелінің түп төркінін ашып оны талдап қандай мән мағынаның жатқанын әр оқушының жетесіне жететіндей етіп ашып берді.\

Ал сегізінші сынып қыздары болса тақырыбын ашуда басқаларға ұқсамайтын басқа қырынан көрсетті.Олар тақырыпты өлеңдетіп, тақпақтатып, әдемілеп, мәнерлеп талдап талқылап берді.

 Тоғызыншы сынып қыздары өздерінің жоғарғы сынып екенін көрсетіп  берілген тақырыпты видео сюжет арқылы көрсетіп оның зиянды жақтарын мысалдар айту арқылы видеоны түсіндіру арқылы ашып берді.

Осылайша әр сынып қыздарының берілген тақырыпты өздері ғана түсініп қоймай басқаларға да жан-жақты талдап ашып бергендеріне қарап ұстаздар риза болды.Конференцияны ары қарай  аналар жалғастырып «Қызым үйде,қылығы түзде» және «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыптарына баяндама оқыды.Әрине мұндай конференцияға мектебіміздің медбикесі қатыспауы мүмкін емес сол себепті мектеп  медбикесі «Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбына баяндама оқып көптеген сұрақтарға жауап беріп қазіргі қоғамда болып жатқан мәселелерге тоқталды.

 

 

Конференцияның соңында берілген тақырыпты қорытындылау мақсатында жиналған қыздарымызды төрт топқа бөліп топтарға тақтада ілініп тұрған суреттер арқылы тапсырмалар берілді.Осы тапсырмалар арқылы топтар қорытынды жасап тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өздері шығарды.

Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін.
Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.
Қыз деген - әсемдік пен әдеміліктің символы, қарапайымдылық пен адамгершіліктің бейнесі. Ақылына көркі сай қыздарымыз ертеңгі күні тек бір отбасының ғана емес, бүтін бір қоғамның, елдің ұйтқысы болмақ.
Сондықтан,қазақ қыз тәрбиесіне дел-сал қарамай, оны бірінші орынға қойып, қоғамның дұрыс жолда дамуына қол ұшымызды созайық. «Қызға қырық үйден тыйым» дегендей әр қазақтың қызының абыройы мен тәрбиесіне біз жауапты екенімізді ұмытпайық.

 

Березняковка орта мектебінің «Ана клубының»жетекшісі:Науразбаева Г.К

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст