«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен және менің отбасым

04.02.2019

 

«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ» АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ

СПОРТТЫҚ САЙЫС

 

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» 

Т.Карлейль

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулығын  нығайту - мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті  екенін атап көрсеткені баршамызға мәлім.

Салауатты өмір салтын ұстану - осы міндеттің орындалуына деген бір қадам, яғни бір баспалдағы дер едім. Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес,  ересектердің де  күш - қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етпек.

Осы орайда, біз Зеренді ауданы, Березняковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Тологон Зоя мен Бекбаева С.Ж. жүргізуімен бастауыш сынып оқушылары  және ата-аналардың қатысуымен «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық сайыс  ұйымдастырылған еді.

Сайыстың мақсаты: Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау болды.             

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға»-деген бір-ақ мақсат ұстанып,

                    Сайысқа аттанайық бәріміз! - дей келе, сайысқа бес отбасы, атап айтатын болсақ: Мустафиндер, Рудюктер, Жунусовтар,  Каймульдиндер және Сайранбектер   отбасы қатысып,  алты турдан тұратын, «Шелекке доп жинау», «Үйдің суретін салу», жақтауын-әкесі, шатырын-анасы, терезесін-баласы, «Қасыққа картоп салып жүгіру», «Қаппен секіру», «Жылан болып жүгіру», «Арқан тарту» атты сайыстарында өз бақтарын сынады.

 

Сайыста Каймульдиндер отбасы мен Сайранбектер  отбасы алдыңғы қатардан көрініп, сайысымыздың жеңімпаздары деген атқа ие болды.

 

 

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!-

 

деген ізгі тілектермен сайысымызды аяқтай келе, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, мектептің жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Ендеше, болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу міндетіміз деп білемін. Соның бір шарасы “Мен және менің отбасым” атты отбасылық спорттық сайысын және басқа да спорттық іс-шараларды үнемі өтізіп,ұрпағымыздың салауатты өмір салтын ұстауына үлесімізді қосамыз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

 

 

Березняковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Кендебай Лесгүл

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст